КӨПІР

lat: KÓPİR

ет. 1 . Көбік шығу, көпіршу, көбіктену .

Кешегі жауған алғашқы көбік қар күні бойы сабынша көпіріп , жердің миы шығып кеткен (4,141).

2 . ауыс. Мақтанып көп сөйлеу, бөсу .

Сөз түсінбес ақымақ

Сөйлей беріп көпіріп .

Жеңіп шығар ақыр-ақ

Абыройды ктіріп (1,74).

Мінбеде көпіре , шарқ ұра,

Бір шешен лақап тастады:

Жоқ бізде саяси партия білмеймін басқаны (1,99).