КӨРІКТІ

lat: KÓRİKTİ

сын. 1 . Сұлу, ажарлы .

Сен көрікті едің...

Көріктісің !

Баяғы бойындағы желік күшің.

Не істеймін десең дағы еріктісің,

Себебі көріктісің, көріктісің! (3,228).

Мәссаған, бұдан бұрын неге аңғармаған!

Қандай көрікті әйел еді?! (4,187).

2 . Көз тартатын, сәнді .

Мийыңды жеген, құрысын бүйткен өлеңі!

Күйзеліп тапқан көңілімдегі көрікті ой,

Аузымнан түссе, адыра қала береді (2,82).

Қарабас, көк шалғынды бұраңдаған,

Жаздың кеші болымсыз тұмандаған.

Көрікті едің, сен неткен көрікті едің,

Құдіретті мекенім құлан далам! (1,305).