КӨШЕ

lat: KÓSHE /38/

зат. Қала, кент, ауыл ішінде көліктер мен адамдар жүретін арнаулы жол.

Көзің қайда көшеден мені іздеген,

Сөзің қайда жанымыз егіз деген?

Терезеңнің алдына келіп тұрмын,

Көгершіндей қысты күн жем іздеген (2,229).

Түн. Қала. Үйлер үнсіз, көше дүбір

Көшеден толассыз үн еседі кіл.

Өшеді күн, артынан көшеді іңір,

Қашаннан уақыттың есебі бұл.

Түн. Қала. Үйлер үнсіз, көше дүбір (3,219).