КҮЙІК

lat: KÚIİK

зат. Қайғы-қасірет, күйініш.

Сонда да сүйіп өтем, сүйіп өтем,

Сүйе тұра құша алмау күйік екен.

Алыптан алып болып тумаған соң,

Адам болып жүру де қиын екен (2,85).

Шығам деп бір биіктен бір биікке,

Кездестім бір күйіктен бір күйікке.

Сен ақ бастау орнында тұрып қалған,

Тұрғанын түсіне бер кім биікте (3,221).