КҮЙ

lat: KÚI

зат. 1. Бір нәрсенің жай-жапсары, хал-жағдайы.

Жүргенде қатал тұрмыс илеуінде,


Білмеймін, сүйдім бе мен, сүймедім бе?

Жастықта жалын атып сүйсем егер,

Түспес ем дәл мынадай күйге мүлде (2,7).

Табиғаттан адамның сыры да ерек,

Мына қыстың биылғы күйі бөлек.

Жапырақсыз ағаштар пана болмас,

Паналаңдар жұпыны үйіме кеп (2,364).

2. Заттың бұған дейінгі (бұрыңғы) қалпы, түрі, түсі.

Арыммен де оңаша қалып көрдім,

Жоғалғанын іздедім, тауып бердім. 

Ар-ұят деп аталар нәрестені,

Қызылшаққа күйінде алып келдім (2,153). 

Питерде. Жұмысшы үйінде,

Алғашқы маркстік үйірме.

Сақтаулы Ильичтің жадында,

Бәрі де баяғы күйінде (1,121).