lat: KÚI
ет. 1. Отқа қарылу, жану.
Тәбәрік боп балаға, немереге,
Сусар бөрік о да тұр керегеде.
Төңкеріліп қалыпты төстемірі,
Отқа күйген қожалақ бөренеде (1,297).
Оның беті адам танығысыз күйген, бүлінген (4,250).
2. Күнге қақталып, адам денесінің қара қоңыр түске енуі.
Аязда тоңды-ау, аптапта күйді-ау жондары,
Азаппен жүріп жарылды-ау беті, қолдары.
Сезеді ішім, терменен осы үй орнады,
Сол жандар бізбен, амал не, бірге болмады (1,295).
3. ауыс. Махаббат азабын тарту.
Уландырды махаббат,
Күйдіреді отқа ұқсап.
Өлсін, күйсін демесең,
Еңіретпей емін тап (1,55).
Cүюден күйген ерін, күйген денем,
Жаралы жолбарыспын киреңдеген (3,147).
4. ауыс. Отанына жан-тәнімен берілу, сүю; өмірін қыю.
Оңай сөз ғой, құрбым-ау, оңай сөз ғой
«Отан үшін өлемін, күйем», – деген (1,174).
Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,
Іс тынбайды «жанамын, күйемменнен».
Өгей әке емес қой Отан деген,
Отанды мен Атамдай иемденем (1,175).
5. ауыс. Қатты қайғыру, қапалану, күйіну.
Қалай екен? Мына шың биік пе екен?
Жарылмасын әуеге тиіп шексең.
Қайсыбіреу өлкемді жамандаса,
Шоқ түскендей жаныма күйіп кетем (1,270)
. (Оңай ғой» сүйемін деу, күйемін деу.
Мен – өзіңмін жаныммен, сүйегіммен!
Өз айнаңнан өзіңді танымайсың,
Соныңа күйемін мен (2,216).
6. ауыс. Басы пәлеге қалу, азап көру, залал шегу.
Өмірдің куәсіндей қарттар бар ма?
Бірі үшін бәрі күйген салттар бар ма?
Біздің жалын жастықты алып қашқан Топай торы, қарт күрең аттар бар ма? (2,341).
Жүрегіңді бос етіп,
Жүдеп жүріп сүйерсің.
Өзіңе өзің қас етіп,
Өз отыңа күйерсің (1.63).
Жылату көп, көңілді жұбату жоқ,
Қалай жүрсең күйесің, бәрібір от.
Лаулап жанған арманның ұшқынынан,
Жүрегімде тұтанып жайнады шоқ (1,23)
7. ауыс. Өте қымбат д.м.
Базары құрғыр бүгін күйіп тұр. Бұ не пәле?! (4,239).