КҮЙЕ

lat: KÚIE

зат. 1. Көмірдің маңайындағы заттарға жұқтыратын қара түсті дағы.

Айттым сәлем, замандас.

Айналды ғазиз бас.

Мен бір көмір, сол үшін Аққа күйе жағылмас (1,56).

2. ауыс. Жан-жағын былғайтын зиянды нәрсе.

Жастық дейтін ән, лебіз, күй, өмір,

Иә, жастық махаббатқа ие бұл!

Махаббатта тұрақсыздық күйе бір,

Махаббатты құрметте, сүйе біл! (4,203).