КҮЛКІ

lat: KÚLKİ /53/

зат. 1. Адамның көңіл күйін (қуанышын, шаттығын) білдіретін, сыңғырлаған сүйкімді дыбыс .

Ақылына айырбаста күлкіңді ,

Қайтесің сол күлкі дейтін шіркінді.

Бейқам күліп өспеген соң өз басым,

Бос күлкіні ұнатпаймын бір түрлі (3,273).

Күлкің қайда күмістей сыңғырлаған?

Жүзің неге ымырттай тұнжыраған?

Бұғалыққа тұрмайтын асау едің,

Сені әкеліп теліген кім мынаған? (2,24).

2. поэт. Бұлақ, арық суларының сылдыры .

Сықылықтап төменде бұлақ жатты,

Тоқтата алмай күлкісін құлап қапты.

Билеп ала жөнеліп қарағайлар,

Түн үкісі қанатын бір-ақ қақты (2,338).