lat: KÚMİS
зат. 1. Ақ түсті қымбат (құнды) метал .
Шәркейің тозып баратса,
Армянға бар да, шегелет.
Мәрттігің ұстап қазақша,
Артық күмісті бере кет (2,160).
Қара орныңнан айналдым, ұям менің,
Күмістен мүсініңді құяр ма едім.
Әлдеқалай аспаннан құлап түссем,
Аядай босағаңды қияр ма едің? (3,262).
2. сын. Жарқыраған, жылтыр, ақ.
Бұлттан шығып, күміс күн!
Нұр шашпайсың сен неге?
Меңіреу, мылқау қара түн!
Сыр ашпайсың сен неге? (1,51).
Іздестіріп жер-көктен қарайын да,
Керемет бір теңеуді табайын да.
Білгішіме берейін, не дер екен,
Ақ қағазға ақ бояу жағайын да.
Көрер ме екен қайсыбір қара шаштың
Күміс талшық тұрғанын самайында (3,92).