lat: KÚREŃ
сын. 1 . Жылқының қызыл қоңыр түсі .
Ағынменен күрең ат жалдап кетті.
– Кетті! – Өлді! – жағалау зарлап кетті. Бір кісінеп жануар жіберді де, ағын айдап есен-сау ар жаққа өтті.
Қызыл қоңыр түсті жылқы.
Райымбек мінді де күреңіне ,
Келді өзенге жетпек боп тілегіне,
Шым-шым қайнап, ширыға шұбатылған,
Тылсым дүлей алдында Іле міне.
Өліп-талып оған да жетемін де,
Көз салам таудың алыс етегіне.
Шалым кетіп барады өз жәйімен,
Ер-тоқымсыз күреңі жетегінде.
2 . Табиғаттың күз мезгіліне тән сарғыш қоңыр түсі .
Қош енді, қош бол, күрең күз!
Ақ қысты тездеп жібергіз.
Ақ қыстай аппақ бір елміз,
Шымшылап аяз шатынап,
Ширығып біраз жүрерміз,
Шынығып өмір сүрерміз.
Қош енді, қош бол, күрең күз!
Жыртылып жатыр күрең жер,
Күрең жер – тозған кілемдер.
Күрең тау, анау күрең бел,
Күрең бел – жиған кілемдер.
Жаз келер және жап-жасыл,
Жасауын жердің түгендер.