lat: KÝÁ
зат. Болған істің ақиқатын растаушы, соған айғақ болушы.
Әне тұр соған куә жарқабағың,
Жағалап сонда жүріп зарлағамын.
Мейірбанды әкемнен мені айырған
Өлім еккен соғысты қарғағамын (1,59).
Сен куә , Аршалы сай,
Сол түні мен, Аққуға тұзақ салып өлтіріп ем.
Сол түні неге мені аяп қалдың?
Жаңадан ауызданған бөлтірік ем (3,189).