КУРС

lat: KÝRS

зат. 1 . Жоғарғы және арнаулы оқу орнындарындағы бірнеше жылдық оқу сатысы.

Бір курстан бір курс өте берді.

Ғылым бізді өмірге жетеледі.

Есіңде ме, қырқыншы со жылдар-ай,

Әй, қойшы, жастық бәрін көтереді (2,339).

Институттың соңғы курсында жүргенде үйлендік біз (4,157).

2 . Белгілі бір мамандық беретін қысқа мерзімді оқу жүйесі.

Зияш екі жылдық мұғалімдер курсын бітіріп, үйіне оралғанда, әке мен шешенің қуанышында шек болған жоқ (4,151).

Алты айлық шопырлық курсты тамамдады да, өз ауылының шопыры болды (4,151).