lat: Káris
зат. Корея елінің байырғы тұрғыны; корей.
Яғни, кəріс те емес, шүршіт те емес, өзіміздің қазақтар немесе «қара орыстар» (Ə. Асқаров, Таңд., 126).
Барсам, колхоз кеңсесінде екі-үш кəріс отыр екен, мен де қосыла кеттім (Жас Алаш, 18. 07. 2000).
Алайда қазақ тілі мен орыс тілі менің өз ана тілім – кəріс тілінде таза сөйлеуіме еш бөгет болған емес (Лен. жас, 15. 11. 1983, 1).