Көктем шықты

lat: Kóktem shyqty

Қыс кетіп, қар еріген, жер көктей бастаған мезгіл.

Көктем шыға жер дегди бастасымен-ақ, Жоламан екеуі кетпенмен огородтық жерді қопара бастайды (Т.Бердияров, Солдат сыры.).

Бұл өңірде көктем мұндай ерте шығып көрген емес (Б.Қожабеков, Көктөбе.).

«Асықпа, көктем шықсын!», - деп әзілдейді Иранғайып (Р.Тоқтаров, Тұлпардың сыны.).