Көркем әдебиет

lat: Kórkem ádebıet.

а) Көркем әдеби шығармалар жиынтығы. Көркем әдебиеттің негізгі құралы - тіл. Ұста металды, суретші бояуды қандай жақсы білсе, жазушы тілді сондай жақсы білуі керек (Қ.Жұмалиев, Әдеб. теор.). Алды ауызша боп басталған қазақ көркем әдебиетінің түп тамыры алысқа кетеді (С.Мұқанов, Саяхат.). Осы тілдерде бірнеше жүз жылдардан бері туып өскен көркем әдебиет және өз классикасы бар (М.Әуезов, Шығ.).

ә) Баспа өнімі түрінде шығарылған көркем әдеби шығарма. Мен тайғаның заңын көркем әдебиеттен оқып білгенмін (Б.Момышұлы, Офицер.).