lat: Kóz aýrýlary.
м е д. Адам ағзасындағы жүйке жүйелерінің, жүрек-қан тамыры жүйелерінің ауруға шалдығуынан, сондай-ақ көз айналасындағы ауру салдарынан көзде болатын сырқат түрлері.
Балық майының құрамында А және В витаминдері көп болғандықтан мешел, витаминоз, остеомаляция, остеопороз, тыныс алу, асқазан, тері және көз ауруларын емдеуге пайдаланады (ҚҰЭ).
Тұрмыс жағдайы нашар болғандықтан, туберкулез, көз ауруы сияқты жұқпалы сырқаттар бел алып, олар мыңдаған адамды мүгедек қып, еңбекке араласуына кесірлік жасаған (С.Мұқанов, Алып. адым.).
Көп заманнан бері басымыздан кешірген зорлық-зомбылық, кедейлік, надандық мұра қылып біздерге мерез, құрт, қотыр, көз ауруы сықылды пөлелерді қалдырған (М.Дулатов, Шығ.).