Көзір

lat: Kózir

зат. жерг. Қылмысты адамның қолына салатын кісен.

Күренің алып келді түрмесіне, Қандала, шыдамадық бүргесіне. Қолда көзір, аяқта кісен болса, Жігіттер қоймайды екен кірмесіңе (Бабалар., 27, 204).

Ол қолына салған көзірді бұрап сындырып, екі күзетшіні өлтіріп, түрмеден қашып шығады (Халифа Алтай, Алтайдан., 13).

Сарт-сұрт еткен айдауыл басын изеп шығып кетті де, іле қайта кіріп, тұтқынның қолына көзір салды (Т. Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 224).