lat: Kózshe
зат. бот. Өсімдік сабағындағы немесе картоп түйнегіндегі келешек өскін өсетін ойықшасы.
Картоптың түйнегіне зер салып қарасаңдар, оның бүршіктерін көресіңдер. Олар 2-3 тен түйнектегі ерекше ойықтарға – көзшелерге орналасқан (Ботаника, 5-6 кл., 121).
Қарт жүзімші өнім салатын көзшелерді жүзім сабағының жоғары жағынан көбірек қалдыруға тырысады (Қаз. ауыл шаруаш., 1961, №5, 20).