бұршақтарынан шоколад дайындайтын тропикалық ағаш бұршақтарының ұнтағы; какао ұнтағынан дайындалған сусын. Американың тропикалық ормандарында өседі. Бұршақтарында медицинада қолданылатын теобромин алкалоидтары және 50%-ға дейін май бар. Бұршақтарынан какао майын да алуға болады. Бұл май шоколад өндірісінде, далаптар дайындауда қолданылады. Жүйке жүйесіне қатты әсер ететін тамақ өнімі. Сондықтан оны әсіресе балалар үшін, жиі және жүйелі түрде қабылдау ұсынылмайды. Сусынға арналған какао ұнтағы, көбіне өңделген түрде болады және ванильмен араластырылған. Оны алдымен суға қайнатып, содан кейін ыстық сүт қосу керек. Бірақ бұл тәртіпті қадағаламай, какао ұнтағын бірден сүтпен қайнатады немесе бір қасық ұнтақты ыстық сүтке батырады. Бұл жағдайда жүретін коагуляция бірнеше сағатқа какаоның (сонымен қатар қабылданған барлық тамақтың) сіңуін тежейді.