lat: KALAM
Термин, орта ғасырлық мұсылман әдебиетінде кең мағынасында діни-философиялық тақырыптағы кез келген пікірді бейнелейді, ал арнайы мағынасында — ислам догматтарына діни беделге бас июге смес, таза ақыл-ойға негізделген пайымдама беретін ілім. Кез келген мәселені шешудегі ең жоғарғы саты — ақыл-ой құдіретіне жүгіну Қаламды философиямен қабыстыратын, олардың жақтаушыларын — мутакалимдер мен фалсафаны, бір жағынан догматик-салафиттерден, екінші жағынан, мистик-сопылардан айыратын жік болып есептелді. Мутакаллимдер мен философияның айырмашылығы сол — бірінші ислам дінінің қағидаларын өз пайымдамаларына бастау етіп алды, осы діннің өзіне тән ерекшелігін пайдаланды, ал екіншісі — ақыл-парасаттың нормативті принциптерін, философиясының үлгілерін негізге алды. Мутакаллимдер үшін айтыстың негізгі тәсілі Илзам, яғни оппонент қабылдаған тезистен оған ұнамайтын не ақылға қонбайтын қорытынды жасау болды. Каламдагы диалектикалық ойлау әдісі осы ілімнің дамуымен, сондай-ақ мутакаллимдер қолданған даулы мәселелерді сөз жүзінде талдауға байланысты. Бұл соңғы жағдай қала тұрғындары көпшіліктің діни-философиялық айтыстарға араласуынан туды. Қаламда кез-келген мұсылман өмірінің бас кезінде діни қағидаларға күдікпен қарап, ақиқатты өзінің ақыл-ойымен қабылдаған кезде ғана шын діндар бола алады деген қағида уағыздалды.
Калам алғашқы кезде исламда әртүрлі діни-саяси топтардың тууына байланысты етек алған дауларды, сол сияқты мұсылманнан басқа дін өкілдерімен болған айтыстарда туып, дами бастады. Бұл айтыс-тартыстарда Каламның Құранның символдық-аллегориялық пайымдауларына негізделген және әлдебір тезисті дәлелдеу кезінде таза ақыл-парасаттан басқа ешқандай бедел, атақты мойындамайтын өзіне тән ойлау әдісі қалыптасты.
Каламға тән әдістер мен проблематиканы біз ең алғаш әл-Джад б. Дирхам (742-43 ж. ө.) шығармаларынан кездестіреміз. Ол тек қана ақыл-парасатқа жүгінді.
13 ғасырда Калам мен Ибн Сина мектебінің шығыстық перипатетизмі — философияның жақындасуы басталды, бұған әзірлік мутакаллимдер жағынан аш-Шаһрастани мен Фахр ад-дин Разидің философия жағынан Наср ад-дин ат-Тусидің шығармалары арқылы жасалды. Соның нәтижесін, Ибн Халдун айтқандай, "кейінгілерде (мутакаллимдерде) калам мен философияның мәселелері араласып кеткені соншалық, бұл ілімдердің бір-бірінен айырмашылығы болмай кетті. Калам тарихындағы бұл кезең әл-Байдауидің (1236 ж. ө.), әл-Исфаханидің (1349 ж. ө.), әл-Иджидің (1355 ж. ө), ат-Тафіазаниді (1390 ж. әһ әл-Джурджанидің (1413 ж. е.), ад-Давванидің (1501 ж. ө.), ас-Сийалкутидің (1657 ж. ө.) еңбектерінен көрініс тапты. Каламның негізгі мектептерінің сыртында Әбу Мансүр әл-Матуридидің (944 ж. ө.) ізбасарлары — матуридиттер мектебі де болды.
Өздерінің беделіне нұқсан келтірген Каламды факихтер, әсіресе нанбалиттер мен захирепер сынға алды, Ибн ән-Джаузидің айтуынша, Калам ілім есебінде “көпшілігін күдіктенуге, ал кейбіреулерін дінсіздікке әкелді". Сонымен бірге ашариттік калам шафииттер арасынан өзіне жақтастар тапты, әл-Матуридидің ілімі ханафиттер арасына, ал мутазилизм зайдиттер арасына тарады. Жаңа кезеңдерде калам ең алдымен мутазилизм, мұсылман дін ілімінің негізгі кағидаларына қайшы келмеуге тиіс деп есептеді. Оларға мұсылман реформаторлары, либерал ойшылдар, "ислам солшылдары" жатады.