КЕДЕЙЛІК

lat: KEDEILİK

зат. Кедей болғандық, жарлылық .

Көргенім ылғи өгейлік,

Қуанам неге тоқсынып.

Жыл өткен сайын кедейлік ,

Жыл келген сайын жоқшылық (1,134).

Ана төсін аймалайды жас сәби,

Аймалайды бір татым сүт таба алмай.

Кедейліктің батпан зілі басқан үй,

Кейиді кеп дертті, дімкәс адамдай (2,44).