КЕЛ

lat: KEL /908+677/

ет. 1. Белгілі бір жерден өзің тұрған жерге дейін жету, жақындау .

Ұйтқып жатыр көңілде құйын-дауыл,

Неге сен келе алмадың жиынға бұл?!

Жыраққа жалғыз мені жібермеші,

Жаныңа жаманшылық бұйырмағыр! (1,183).

Дүрліктеріп, таңдантып рулы елді,

Ала бесті сөреге бұрын келді.

Бай адында ала атпен ойқастаған,

Жұрт жабыла қарап жүр жырынды ерді (1,189).

2 . Белгілі бір жасқа толу .

Жиырма! Қуанамын келгеніме !

Бірақ сен айналдырма ермегіңе.

Аллама тәуба етейін әлдеқалай,

Ырзамын бұл өмірді бергеніңе (1,72).

3 . Бір нәрсенің уақыты болу, мезгілі жету .

Көктем де келер , от ойнар әлі аспанда.

Көгерер әлі, кәрі емен, қайың, жас тал да,

Дүлейдің шоғы түспесе екен деп тіле,

Аспанда апат зарядтар жағаласқанда (2,88).

Осынау игі кең жерге,

Наурыз айы келгенде .

Наурыз тойын бергенде,

Көрмегендер де арманда,оны көрген де.

Келіп ем өмір-орманға,

Наурыз айы келгенде (3,276).

4 . Пайда болу, жоқтан бар болу .

Сырқат қалар жәйіне жыр туғанда,

Өзгереді өңім де, түр-тұлғам да.

Қайдағы бір қауқарсыз ой келеді ,

Қабыршығы миымның жыртылған ба?! (3,77).

Аңдамай кейде басамыз дағы кердеңдеп,

Құлап жатамыз, Аяқ-қолымыз ербеңдеп.

Сүрініп алып, есіміз қайта келгенде ,

Жоғалған сәтті іздейміз тағы жерден кеп (3,209).

5 . Қатарға қосылу, араларына кіру .

Ауылдың жаяу өсегі Жыр қылып айтты жастықты.

Ақжанмен жақын деседі Жаңадан келген бастықты (2,319).

Соғылды дабыл! Сапта тұр бүкіл застава.

Байырғы солдат, Биылғы келген жас бала.

Жорықтан келу масқара! Жолдас командир,

Жорыққа барам, тастама! (3,23).

6 . «Бермен кел», «жақын кел» д.м-ғы өзіне шақыру, өтіну .

Келші бермен, саған бір сыр айтамын,

Күлдірейін, қаласаң, мұңайтамын.

Қармансам да, қаншама оқталсам да,

Көкейімде әлі жүр бір аңсарым (1,153).

Иек артқан теңізге мүйістейін,

Келші , қарғам, шашыңнан бір иіскейін?

Иіскейін тек қана, тиіспейін,

Келші, қарғам, шашыңнан иіскейін! (2,26).