КЕЛБЕТ

lat: KELBET

зат. Кейіп, кескін, бейне .

Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,

Ұйқыдағы сәбидің келбетіне .

Кім болсаң ол бол, мейлің, рұқсат жоқ,

Ұйқтап жатқан ұлымды тербетуге! (1,288).

Алматының қадірін білем десең,

Бірер айға барып қайт бір елге сен.

Алатаудың келбетін көз алдыңнан,

Жіберсең де өзің біл, жібермесең (2,295).