lat: KEME /35/
зат. 1. Ірі өзендер менен теңіздерде жүретін қатынас құралы, көлік .
Еріндері қимылсыз, капитаным қатпады үн,
Сезінбейді қолымды, үнсіз әлсіз, жатбауыр,
Жауынгер, жалғыз кемесін, гаваньға дейін жеткізген,
Қазынасын халқына, дауылдан аман өткізген (3,307).
Сақтандырып кемелерді кереметті білетін,
Теңізшіге дельфиндер бір белгі беріп жүретін,
Толқындардың жотасында арқалаларын бүгетін (5,102).
2 . ауыс. Өзі тіршілік етіп жүрген дәуір, өмір .
Бәріне де көнесің, көнесің де,
Отырасың, тәубаңа келесің де.
Дауыл ұлып жатады, толқын ұрып,
Шайқаласың өмірдің кемесінде (2,137).
Қайда? Қайда барады алып қашып?
Қалай-қалай заулайды қалыптасып.
Дәуір атты кеменің жотасында Нық тұрмын аяғымды анық басып (2,243).