КЕНЕ

lat: KENE

ет. Дауысы (үні) дұрыс шығу үшін тамағын қырнай жұтынып алу .

Төрағасы жайғасты төрге барып,

Бос орын жоқ. Зал іші көмбе халық.

Әуезовті бір шешен мақтап жатыр,

Аракідік тамағын кенеп алып.

Бір бұрышқа отырдым мен де барып (2,207).

Би дауысын бір сәтте кенеді де,

(Жұрт назарын аударсын дегені ме?!).

Қарт жырауға қаһарын атты келіп:

Ылаң, дүбір саласың неге еліме?! (2,114).