КЕРІ

lat: KERİ

үст. 1 . Артқа қарай, кейін .

Қайрат қыл қуатыңның бар шағында,

Қайығыңды кері бұр, қарсы ағынға!

Күнге қақтап төсінде жатып апсың,

Мұның қалай, бәтір-ау, шаршадың ба? (1,177).

Ол ақиқат «долыдан пері қашқан»,

Алшаңдаған адымын кері басқан.

Ашулының алдынан сақта, тәңір,

Ақырып кеп атаңның көрін ашқан (3,64).

2 . Қарсы, қайшы .

Орынсыз мақсат қуалаушылық үлкен ақынның үлкен творчествосына кері ықпалын тигізе бастағанынан сақтандырмасқа болмайды! (4,285).