КЕРЕМЕТ

lat: KEREMET

сын.ес. 1. Ғажап, таңғаларлық .

Керемет жанның өзі еді,

Айтылмай қалған сөз еді.

Ашылмай жүрген сыр еді,

Басылмай жүрген жыр еді (1,247).

Білемін, бір керемет күн туады!

Жан-жағым жанаттайын құлпырады.

Кім ашады жүректі құлпылаулы?

Шықпақ болып шындыққа ұмтылады,

Құлпыдағы жүрегім бұлқынады (3,63).

2 . зат. Таңғажайып іс, құдіретті күш .

Не керемет бізді мұнда тастаған?!

Ол да менен, мен де одан жасқанам.

Айналайын Адамата, Хауана,

Алдыменен қайсың едің бастаған? (1,236).

Махаббат бақыт емес қонатұғын,

Түлкі емес ойдан-қырдан шолатұғын.

Махаббат кездеспейтін керемет бір,

Өмірде бір-ақ рет болатұғын (3,261).