lat: KERMEK
сын. ауыс. Көңілі орнында емес, алаңдаулы .
Үңіледі ол. Телміреді.
Телміреді аймаққа.
Көк буалдыр, көңіл кермек , тіл тістеулі, ой – ботқа.
Бір жолаушы бұрқыратып қара жолдың тозаңын,
Ен далада еркін жортып бара жатыр қай жаққа? (2,261).
Айтайын арызым бар, аға, саған,
Көңіл – кермек , бой – күйез тамашадан.
Ақымақпын, кей-кейде арыма мен,
Өз қолыммен күйені жаға салам (2,361).