lat: KESH
ет. 1. Судан (өзен, бұлақ т.б.) жалаңаяқ өту.
Сені аңсаймын, қайнаған ақ бастаулар,
Ақ бас таулар – самайын ақ басқандар.
Сені аңсаймын, қазіргі ақ бас шалдар,
Бұрыңғы өреден құрт ап қашқандар,
Су кешіп, жалаңаяқ от басқандар! (3,58).
Бірге бастық өмірдің кезеңдерін,
Бірге кештік көлдерін, өзендерін.
Бір жан мені тыңдаса, сол тыңдар-ау,
Түсінер-ау, жанымды сезер менің (2,132).
2. Аяқтың басын көметін, тобықтан асатын құрғақ нәрселерді (құм, гүл, шөп, қар, жапырақ т.б.) аяқпен басып жүру.
Жапырақтар ұшып жатыр, Түсіп жатыр, аяулы-ақ.
Емін-еркін тапап келем, Кешіп келем жаяулап (3,261).
Асыр сап қойыныңда өспесем де, Шаттанып шалғыныңды кешпесем де.
Көркіңді сенің сұлу жыр етпекпін,
Төселтіп тіл түйінін шешпесем де (1,61).
Гүлді кешіп, қаңғырып жүріп кеттім (4,97).
3. ауыс. Бастан өткізу, өмір сүру.
Сонау бір бала шағымда, Қол ұстасып өскен ем.
Өмірдің рахат таңын да, Сенімен бірге кешкен ем (1,10).
Орап ап мені шоқпыт бөстегіне, Қуана күн-күн сайын өскеніме.
Мен үшін менің ғазиз ата-анам, Өмірдің тозақ отын кешпеді ме? (1,58).