КЕШЕ

lat: KESHE

үст. 1. Бір күн бұрынғы күн, өткен күн.

Бүгін де, кеше де, өткенде Іздесең, қателік көп менде.

Қауғадай басыма барлығы Сірә да соқпай бір өткен бе (1,92).

«Достардың» ортасына түсіп қалдым.

(Шәміл-ау! Осы мені ұшықтар кім?)

Желдеріне желігіп пысықтардың,

Кеше мен махаббатқа ішіп бардым (2,166).

2. ауыс. Біраз жыл бұрын; анау бір жылдары.

Бала едік, ә? Бала едік кеше біздер (1,175).

Мен әкемнің тәрбиесін көрмедім,

Ал анамның ақылына көнбедім.

Тіпті, кеше оқушылық кезде де,

Тізгінімді ешбір жанға бермедім (1,282).