КЕШКІ

lat: KESHKİ

сын. Кеш болғандағы, ымырт жабылғандағы.

Орамалын бір сәтке лақтырып,

Кешкі үнді тыңдайды құлақ түріп.

Қонақ күтіп отыр ма асыл ана,

Пейілінен береке нұр арттырып? (4,32).

Күн батар шақ. Ауыл кешкі тіршілігіне кіріскен (4,148).