КЕСПЕ

lat: KESPE

бидай ұнына жұмыртқа және басқа кажетті заттар қосып иленген қамырды жіңішкелеп кесіп, қайнаған суға қайнатып пісірілген тағам. Балқан мен Жапонияға дейінгі барлық елдердің ұлттық тағамының құрамына кіреді. Дайындаудың жылдамдығы мен жеңілдігі, кепкен түрінде жақсы сақталатындығы оны әр түрлі тағамдарда қолдануға мүмкіндік береді. Кеспенің басты технологиялық ерекшелігі ол жайылған қамырдай дайындалуы.