lat: KETÝ /25/.
Кет етістігінің қимыл атауы.
Қалмады енді кетуден басқа амалы,
(Қос қанатта ананың қас-қабағы).
Алайда ақ қанат құс шыр айналып,
Ұшып жүр, жалғыз үйді тастамады (2,247).
жұртың қараушы еді мақтан етіп,
Киіп ап аяғыңа саптама етік,
Талайларды кетуші ең аттап өтіп,
Талайларды жүруші ең таптап өтіп (2,25).