КОКОС

lat: KOKOS

ең ірі жаңғағы бар кокос пальмасының жаңғағы. Кокос талшықтары және кокос майы алынады. Кокос пальмасының биіктігі 20-25 м. Тропикада өсіріледі. Жеуге жарамды жемісінің салмағы 1,5-2,5 кг. дейін болады. Онда кокос сүті және майы болады. Кокос майы сабын өндіруде, қосметикалық заттар алуда және маргарин өндірісінде кеңінен қолданылады. Кокос палмасының шикі жаңғағының ішкі қуыстарында болатын сұйықтық. Бір жаңғақта 0,5 кг-ға дейін мөлдір, дәмді және шөл қандыратын сусын-сүт бар. Піскен сайын жаңғақтағы сүтте май кебейе береді.