lat: KOMSOMOL
зат. тар. совет. КСРО-дағы жастардың қоғамдық-саяси ұйымы.
Жылдар өтті тыныштық жамылғалы,
Дүрбелең де тынған шақ, ауылдағы.
Ойнай жүріп жетіппіз он жетіге,
Комсомолға біздерді қабылдады (1,268).
Осы ұйымның мүшесі.
Бір күні мені келіп жатқан көп өкілдің біреуі шақырып алып:
«Сен батырақтың баласы екенсің, осы ауылдағы комсомолдардың бірі боласың, – деді (4,121).