КРАХМАЛ

lat: KRAHMAL

өсімдіктерде болатын үн тәріздес ақ ұнтақ көміртек қоры. Тамақ өнеркәсібінде, химиялық өндірістерде кеңінен қолданылады. Крахмал картоптан немесе жүгеріден өндіріледі. Ол салқын суда бөртеді, ал ыстық суда қайнатқанда желім тәрізді қоймалжың затқа (клейстерге) айналады. Крахмалды кисель әзірлегенде, маталарды крахмалдағанда, косметикада да қолданылады. Жеміс-жидек киселіне картоп крахмалын, сүт киселіне жүгері крахмалын қолданған тиімді болады.