lat: Kerekse
мод. Керек етсе, қажетсінсе.
Келіншек – жастық, кереметсің-ау, керемет!
Керексе, пəлі, керемет кімді елемек.
Ерекше гүлден нəр алып жүрген көбелек,
Керексе болды, тас үй де талқан, не керек (М. Мақатаев, Шолпан, 42).
Кім біліпті, өзінің бір мүддесіне керексе, құдайдың көрмегенін, қазақтың көрмегенін сол көрер (Ə. Кекілбаев, Елең-алаң, 333).