Кермек

lat: Kermek

зат. этн. Иден шыққан теріні салып, ширататын, бояйтын сұйық қоспа (қайнатынды).

Иден шыққан теріні кермекке салады. Кермекті емен не талдың қабығын кептіріп, ұнтақтап түйіп, қазанға тұзын татыта су құйып, қабық ұнтақты салып қайнатып əзірлейді, кейде жусанның, ерменнің бүрін қосады. Содан соң ағаш астауға қотарып су шым-шым кезінде теріні салып, он шақты күндей бетін жауып, жылы жерде ұстайды. Кермектің қызғылт бояуы теріге сіңсе, оны көлеңкеге жайып кептіреді (Д. Шоқпарұлы: Ер қанаты, 283).