lat: Kimdi qalaısyń
этн. Бастаушы қыз бен жігіттерді жұптастырып отырғызады да, көршілестердің бірінен «Кімді қалайсың?» деп сұрайды. Ол қалаған кісісін сұрайды. Көршісі келіспесе «хан» оған «жаза» тағайындайды.
Кімді қалайсың? ойыны кей жерде «Қассың ба, доссың ба?», «көрші-көрші» деп те аталынады (Қаз. этнография., 3, 321).