XIX ғ. мен XX ғ. басындағы неміс аспаздарының өнімі, Наполеонмен күресте патриоттық ерлік көрсеткен Пруссия ханшасының атымен аталған. Торттың үш қабатын құрайтын май қосылған қант қамырынан, миндаль қамырынан және миренга массасынан даярланады. Торт бетіне крем жағылып, цукат немесе мармеладпен безендіріледі. Барлығының үстінен қант пен шие арағынан дайындалған глазурь құйылып, меренгамен безендіріледі.