Ұннан қамыр илеп, оларды май жағып созғылап кеспе дайындайды. Кеспені суда қайнатып суық сумен жуып өсімдік майымен майлайды. Етті турап пияз салынған майға қуырып пісіреді де дәмдеуіштер қосып қайнатады. Қайнаған суда кеспені жылытып үстіне дайын ет салып беріледі. Өзбек, тәжік және дүнген лағмандарының түрлері бар. Лағман ет-көкөніс бөлігінен - ваджи (кайла) және кеспеден тұрады. Соңғысы лағманның ерекіле белгісі болып табылады. Дүнген лағманында (нағыз лағман деп аталатын) кесілмеген және жайылмаған, тек созылған кеспе қолданылады.