ЛАВР ТҰҚЫМДАСЫ

lat: LAVR TUQYMDASY

мөңгі жасыл, қос жарнақты өсімдік. Жемісі сүйекті. Тропикте, субтропикте, климаты қоңыржай өңірде таралған 40-50 туысы, 200-ден астам түрі белгілі. Лавр тұқымдасының жапырағы дәмі үшін асқа салынады. Діңінен, жапырағынан эфир майы, камфора алынады, дәрі жасалынады; парфюмерияда; кондитер, тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Кейбір түрінің (авокадо) жемісі жеуге жарамды, емдік қасиеті бар.