Лента. Лентаны тартып алу

lat: Lenta. Lentany tartyp alý

Клубтарда ойналатын ойын. Аралығы 4 м-дей қашықтықтағы орындыққа 2 адамды отырғызады. Бастаушының белгісі бойынша орындарынан ытқып тұрып, қарсыласының орындығын екі рет айналып келіп, орнына отырып, араларында созылып жатқан лентаны тартып алу керек. «Лентаны тартып алу» ойынын команда құрып та ойнауға болады (Ойынсауық, 239).