бұршақ тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік. Сабағы шырмауық тәрізді, биіктігі 1,5 м, жапырағы үш салалы күрделі. Жемісі бұршақ. Тамаққа, мал азығы және тыңайтқыш ретінде өсіріледі. Лобия дәнінен түрлі тағам жасалынады, жапырағынан лимон қышқылын алады.