МУСКУС

lat: MÝSKÝS

жануарлар мен өсімдіктерден алынатын құрамы күрделі, ерекше иісті зат. Жануарлар мускусы арнайы бездерде түзілетін қоңыр түсті, түйіршікті масса. Құрамында макроциклды кетондар тобы болатындықтан өзіндік ерекше иісі бар. Сонымен бірге оның құрамында ақуыз, май, холестерин, түрлі тұздар болады. Өсімдік мускусының иісі ондағы макроциклды лактондарға байланысты. Мускус парфюмерияда пайдаланылады.