МУСКАТ

lat: MÝSKAT

жүзімнің мускат сортынан дайындалған десертті шарап түрі. Оның құрамында 13-16% көлемдік спирт және 16-27% қант бар. Жүзімнің мускат түрінен десертті шараптан басқа асханалық шарап, шампан, шарап материалдары, шырындар, шырынсулар өндіріледі.