lat: MEDRESE
Мадраса — бастауыш мектептен бір саты жоғары оқу орны. Ислам тараған елдердегі медресе туралы деректер 10 ғасырға жатады, ол Хорасан мен Мауераннахрға таралған. 11 ғасырдан бастап, Медресе жетекші тұрпаттағы оқу орнына аймалды. Бұған дейін оқу негізінен мешіттерде, жеке үйлерде, сондай-ақ мейманханаларда, кітапханаларда, ауруханаларда жүргізілді. Медресе жеке адамдардың өз мүлкін қайырымдылық мақсаттарына беру, уакф есебінен құрылап өмір сүрді. Медресе оқытушыларыма, басқа да қызметшілерге жалақы төленді, оқушылар стипендиямен, оқу құралдарымен, баспанамен қамтамасыз етілді. Медреседе негізінен мұсылмандық хұқык — фикх оқытылды. Осыған сәйкес медресе бағдары да хұқық мектебіне қарай айқындалды. Алғашқыда шафииттік, кейін ханафиттік басқа медресе құрылды. Бірте-бірте екі үш немесе барлық төрт мазхаб бойынша фикх оқытатын медресе пайда болды. Бұлардын әрқайсысына көмекшісімен қоса оқытушы бөлінді. Оқыту лекция, белгілі бір кітаптарды дәлдеу, айтыстар ұйымдастыу түрінде жүргізілді. Медресенің бағдарламасы болмаған. Қосымша ретінде құранға қатысты пәндер, араб тілі мен әдебиеті, хадистану дін ілімі, сондай-ақ арифметика. медицина, басқа да "ежелгі ғылымдар" оқытылған. Сирек те болса хадистану, медицина бойынша мамандандырылған медресе ұйымдастырылған.
Медресе 12 ғасырда Батыс Европада колледждер жүйесінің қалыптасуына ықпал етті. Мұсылман елдеріндегі медресе жүйесі біртіндеп құлдырады да, онда оқытылатын дәстүрлі пәндермен пайдаланылатын оку құралдары 19-20 ғасырдан бастап, қайтадан жаңғыртыла бастады. Бағдадтағы Низамий, Каирде әл-Азхар, басқа да әйгілі медреселердің тарихта аты қалды.