МИРАС

lat: MIRAS

аламалары ирс, уираса, уире, тарика, турас) мирас мұра; бір адам өлгеннен соң одан екінші адамға ауысқан дүние-мүлік, хұқық, міндет. Мирас қамтитын ұғымның бәрі: бір меншіктің екінші біреуге ауысуы, мұрагерлердің аты аталуы, мұраны алу мен бөлудің тәртібі ислам дәуіріне дейінгі Арабия халқының әдет-ғұрып заңдарынан алынған да, Құран арқылы мақұлданып, шариғат арқылы бекітілген. Мирас илм әл-фараид деп аталатын аз сабақтарына негіз болған. Мирасқа дүниеден өткен адамның артында қалған дүние-мүлікке иелікпен бірге, өлген жанның біреуге қарызын, не міндетін өтеумен бірге, қаза болғанның тілек өсиетін бұлжытпай орындау және оның бала-шағаларына қамқор болу хұқығы да енеді.

Өлген адамның туысы, яғни мирасқорлар үш түрге бөлінеді: а) ең жақын туысы; әке-шешесі, әйелі, балалары; ә) жақын туыстары; ата-әжесі, аға-інілері мен апа-қарындастары, немерелері; б) қандас туыстары; немере ағалары мен тәтелері, немере інілері мен қарындастары. Бір ескеретін жағдай қандас жақындық пен жекжаттық туыстықтың ара салмағы бірдей. Балалар жақын-алыс деп бөлінбейді, асырап алған баланың туған баладан айырмасы жоқ. Ең жақын туысқандары жоқ болғанда жақын, ал ең жақын және жақын туысқандар болмағанда ғана қандас туысқандар мұрагер болуға хұқылы.

Мұраны бөліске салар алдында одан келісім бойынша біреуден уақытша алғаны, не жалға алған берешек қарызы, әйелінің дүниелері шығарылып тасталады. Сондай-ақ тірісінде қожайын құлына бостандық берем десе, ол да талассыз шешіледі. Содан кейін бар дүние-мүліктің құны шығарылып бағаланады, одан мұраға берілмейтін заттар тағы да іріктелініп алынады да, еншілеріне қарай мирасқорларға таратылады.

Мұраны бөлудің бірнеше тәсілі бар. Ол арнаулы білімді талап ететін өте даулы да, күрделі мәселе. Сол көп тәсілдің бір жолы мынадай; мәселен, өлген адамның ең жақын туысқанынан әкесі, шешесі, екі әйелі, үш ұлы, екі қызы қалса, мұра былай бөлінеді: әйелдің еншісі еркектен екі есе кем болады, балалар 2/3-іне, әке-шешелері 1/б-іне, әйелдері 1 /8-іне мұрагер бола алады. Мұрагер болмаса мирас сол рудың басшысының, не болмаса сол қауымның меншігіне айналады, ал екінші бір дәстүр бойынша бірден-ақ қауымның ортақ меншігіне айналады. Кейін мирасқор табыла қалса, ол мұрадан із-түссіз жоғалып кетпегеннен басқасын қайтарып алуға хақылы. Мирасқорлықтың дәстүр мен жер жағдайларына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Кейбір жерлерде мұрагерліктің бұл тәртібін қоғамдық ішкі заңдар алмастыруы мүмкін.