МҰНАРА

lat: MUNARA

(Мұнара “от жағатын, белгі беретін орын") Құдайға құлшылық етіп, намаз оқуға шақыруға арналған мешіт жанындағы мұнара. Бізге дейін жеткен алғашқы мұнара туралы мәліметке қарағанда ол Дамаскідегі Омейя әулеті мешітінің оңтүстік батысында салынған. Мұнара құрылысы 9 ғасырдың орта тұсында басталды. 13 ғасырға дейін мешіт жанында бір ғана мұнара болды. Ол мешіт ғимаратынан бөлек салынды. 14 ғасыр Иран мен Орта Азияда мұнараны мешіттің қапталынан немесе екі жағынан жұптап салу етек алды да, осы әдіс кейіннен Мысыр мен Йеменге де тарады.

Мұнара түрі жергілікті жердегі архитектуралық дәстүрмен ұштасып жатыр. Сондықтан белгілі бір ауқымдағы үлгілер белгілі бір аудандарға тез таралып, ұзақ өмір сүрді. Алғашқы кезде аласа етіп тұрғызылған мұнаралар кейін ұлғайып, екі, ал кейде тіпті үш қабатқа дейін салынатын болды. Осман билігі тұсында Кіші Азияда бүкіл Осман империясына кең тараған мұнара пайда болды. Құрылысын қайта жүргізудің нәтижесінде Сирия тек Мысырдағы көптеген мұнара бірнеше әр түрлі архитектуралық үйлесім тапты. Қазіргі архитектурадағы мұнара түрі саналмақ. Оның жергілікті жердегі дәсүрлі үлгіден бастап осы заманғы сындарлы шешімдерден туындаған көптеген үлгілері бар.