Мұртты қоңыз

lat: Murtty qońyz

Қоңыздың сүйір денелі, көк ала түсті, ұзын мұрттары бар бір түрі.

Мұртты қоңыздар қураған ағаштардың шіруін тездетіп, орманда маңызды қызмет атқарады (Жəндіктер, 28).

Мұртты қоңыз орманда тіршілік ететін зиянкес қоңыз. Ол ағаштың тамырын, қабығын, жапырағын жейді (Қарқаралы, 172).

Солардың ішінде орманның қауіпті зиянкестері тамыржегіш пен мұртты қоңыз сияқтылар да бар (Бұл да).